Станислав Логинов «Құлагер» баспасөз қызметіне берген сұхбатында ойыншы мансабын аяқтағаннан кейінгі көңіл күйімен және болашаққа жоспарларымен бөлісті.
- Стас,спорттық мансапты аяқтау туралы шешімге қалай келдің?
- Мұндай шешім қабылдау өте ауыр болды. Не болып жатқанын әлі күнге дейін жүз пайыз түсініп, қабылдағам жоқ. Бұл жөнінде жарақаттар мен сырқаттар ушыққан шақта, маусым кезінде ойланып бастағам.
- Енді немен айналыспақшысың?
- Ұсыныс келіп түсті, егер барлығы дұрыс болса, балаларды жаттықтырамын. Әуесқойлар деңгейінде міндетті түрде ойнағым келеді. Өзімді қалыпта ұстауға тырысамын. Мен бүкіл өмірімді хоккейге арнадым, сондықтан оңайлықпен қоштасу жоқ.
- Петропавлдық клубпен байланысты ең жақсы естеліктермен бөліссең.
- Құлагер – тұнып тұрған тек жақсы естеліктер! Ойындар, жеңістер, жеңілістер, трибунадан жанкүйерлердің қолдауы, олармен кездесулер, командадағы үзеңгілестермен тілдесу, мұның бәрі – мен үшін аса қымбат!
- Командадағы әріптестеріңе айтарың бар ма?
- Жігіттерге мықты денсаулық, мұз үстінде сәттілік, голдар, жеңістер, кубоктер, медальдар тілеймін. Ойынды жалғастырушылардың барлығына өз мақсатына жетіп, көбірек жеңуді тілеймін.
- Әдеттегідей «Құлагер» жанкүйерлеріне бір ауыз тілек болса.
- «Құлагердің» жанкүйерлеріне жалынды сәлем жолдаймын! Қолдауларыңызға, бізге деген ықыластарыңызға рақмет, трибунада тұрып сыйлайтын күш-жігерлеріңіз үшін алғыс айтамын.