Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері «Бейбарыс» Нұр-Сұлтан қаласында ОЖЖ өткізіп жатқан ұлттық құраманың сапына бір хоккейшісін жіберді.
Иван Степаненко соңғы жылдар бойы атыраулықтардың қорғаныс шебінің көшін бастап келеді. Өткен тұрақты чемпионатта ол бірде-бір матчты өткізіп алмай, 16 (6+10) балл жинады. Сондай-ақ Иван плей-оффтағы 13 кездесудің бәрінде ойнады.
Мықты қорғаушы құраманың бапкерлер штабының назарын өзіне аударып үлгерді, және өткен жылы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына алғаш рет қатысты. Ригада нәтижелілігі үшін екі балдан бөлек, Степаненко өз есебіне бірнеше аса тиімді күштік амалдарды жазды. Қазір спортшының ұлттық команданың қорытынды құрамына енуге бар мүмкіндігі бар.