Апта ойыншысы – Никита Аноховский

25 sáýir
1196

ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне ең үлкен үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Pro Ligasy плей-оффының алтыншы аптасының ойыншысы ретінде Никита Аноховский танылды. Тұрақты чемпионаттың ең нәтижелі ойыншысы ұпай жинаудан жаңылмай, финалдық серияда үш рет жеңіске жеткен «Сарыарқаға» пайдасын тигізуде.

Өткен кезеңде Аноховский 4 (1+3) балл жинап, плей-офф бомбардирлерінің тізімінде бірінші орынға шықты. Оның үстіне, ол аптаның қақпаны ең көп көздеген хоккейшісіне айналды (қақпаға 17 соққы салды). Никитаның сериядағы шешуші болуы мүмкін «Арланмен» бесінші текетірестегі қос шайбаны да салуға қатысуы мақтауға тұрарлық. Жалпы алғанда, қарағандылықтардың форварды финалдың барлық кездесулерінде ұпай жинады.