Сарыарқаның чемпиондыққа жетуіне бір қадам қалды

24 sáýir
1120

«Сарыарқа» мен «Арлан» арасындағы финалдық серияның бесінші текетіресінде қарағандылық хоккейшілер дәлірек көздеді.

Үшінші кезеңге қарай қарсыластар бір реттен артық құрам ұйымдастырды. Константин Пархоменко 13-минутта қонақтарды алға шығарды. «Сарыарқаны» ойынға кездесудің бел ортасында капитан Эдгарс Сиксна оралтты. Кездесудің жеңімпазы бірінші овертаймның басында анықталды. Максим Кунишников тағы да артық құраммен қиыннан жол тауып, Петерис Скудраның командасына сериядағы алғашқы жеңісін әкелді.

27 сәуір күні командалар Петропавлда алтыншы матчын ойнайды.

«Сарыарқа» - «Арлан» 2:1 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 12:18 – Пархоменко (Егоров, Боровков) ГБ

1:1 – 28:18 – Сиксна (Аноховский, Рахманов) ГБ

2:1 – 60:46 – Кунишников (Аноховский, Борисевич) ГБ

Қақпашылар: Крамарь – Румянцев

Сериядағы есеп: «Сарыарқаның» пайдасына 3-2.