Арлан Сарыарқаны жібермеді

21 sáýir
1256

«Сарыарқа» мен «Арланның» төртінші текетіресі көкшетаулық ұжымның пайдасына шешілді.

Кездесу кешегідей нәтижелі өтпеді. Үшінші кезеңнің басында қарсыластар Михаил Рахманов пен Роман Бердниковтің орындауындағы дөп соққылармен алмасты. «Көкшеліктерге» жеңісті Владимир Боровковтың артық құраммен салған шайбасы сыйлады. «Арланның» қақпашысы Илья Румянцев өз қоржынына 35 сэйв жазды.

24 сәуір күні қарсыластар Қарағандыда ойнайды. 27 сәуір күні серия Петропавлға оралады.

«Арлан» - «Сарыарқа» 2:1 (0:1, 1:0, 1:0)

0:1 – 18:05 – Рахманов (Аноховский, Кунишников) ГБ

1:1 – 26:38 – Бердников (Евграфов, Володин)

2:1 – 47:58 – Боровков (Егоров, Маркелов)

Қақпашылар: Румянцев – Крамарь

Сериядағы есеп: 2-2.