Қазақстан чемпионатының шешуші сериясының үшінші текетіресінде қарағандылықтар жеңіске жетті.
Матчта екінші кезең шешуші болып, «Арлан» оңбай сүрінді. Жеңіс шайбасының авторы – осы кездесуде нәтижелілігі үшін екі балл алған Саян Данияр. «Сарыарқаның» голкипері Владимир Крамарь қақпаға бағытталған 24 соққыға тойтарыс берді.
Ертең Петропавлда финалдың төртінші текетіресі өтеді.
«Арлан» - «Сарыарқа» 2:5 (1:0, 0:4, 1:1)
1:0 – 05:52 – Карабань (Граборенко, Меньщиков) ГБ
1:1 – 23:57 – Нургалиев (Данияр)
1:2 – 24:26 – Анохин
1:3 – 26:19 – Данияр (Яковлев)
1:4 – 37:23 – Аноховский (Рахманов, Барбашев)
2:4 – 50:25 – Маркелов (Граборенко, Лихотников) ГБ
2:5 – 59:56 – Ларионов (Хорошев) ПВ
Қақпашылар: Румянцев – Крамарь
Сериядағы есеп: «Сарыарқаның» пайдасына 2-1.