Апта ойыншысы – Илья Румянцев

18 sáýir
1235

ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне ең үлкен үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Pro Ligasy плей-оффының бесінші аптасының ойыншысы ретінде Илья Румянцев танылды. Өткен сейсенбіде голкипер «Арланға» «Бейбарыспен» жартылай финалдық серияның шешуші жетінші текетіресінде жеңіске жетуге көмектесті. Бұл матчта Илья бір ғана шайба өткізіп, 38 соққыға тойтарыс берді. Ал сенбі күні Румянцев көкшетаулықтардың финалдағы «Сарыарқаға» қарсы матчтағы алғашқы жеңісінің авторы атанды. Осы ойын барысында ол 53 соққыға тойтарыс берді. Жалпы алғанда, апта бойы қақпашы қарсыластарының 139 есеп өзгертуге деген талпыныстарына төтеп берді (соққылардың 95,86% тойтарды).