Бейбарыс Қазақстан чемпионатының қола медальдарымен марапатталды

18 sáýir
1395

17 сәуірде Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің коммуникацияларды дамыту орталығында «Бейбарыс» командасын марапаттау рәсімі өтті.

Артём Аргоковтың ұжымы 2021/2022 жылғы маусымдағы Pro Ligasy-ның қола медальдарымен марапатталды. Салтанатты шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов және Pro Ligasy атыраулық филиалының президенті Булат Бушанов қатысты. Сонымен қатар баспасөз мәжілісі өтіп, онда команда басшылығы, хоккейшілер мен бапкерлер БАҚ сұрақтарына жауап берді. Іс-шараның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін бапкерлер мен хоккейшілер автограф-сессияға қатысты.