Pro Ligasy кубогі Қарағандыға аттанды

16 sáýir
1288

Хоккейден Қазақстан чемпионына табысталатын Pro Ligasy кубогі ҚХФ кеңсесінен шығып, финалистердің қалаларын аралап кетті.

Бірінші болып шахтерлер астанасына аялдайды, онда «Сарыарқа» мен «Арлан» 16 және 17 сәуір күндері ойнайды. Еске сала кетейік, қазіргі ел чемпионы – қарағандылық ұжым. Және биылғы маусымда Петерис Скудраның ұжымы ең беделді ұлттық атақты қорғауға тырысып-бағады.