«Снежные Барсы» командасының бас бапкері Александр Истомин өткен маусымды қорытындылады.
- Маусымға оң баға беруге болады. Жігіттердің көпшілігі үшін бұл ересек чемпионаттағы алғашқы ойындары болды. Жасөспірімдер және жастар хоккейінен өту көпшілігі үшін оңай болмағанын мойындау керек. Әрбір ойын сайын жігіттер ересектер арасындағы ойын тәжірибелері мен шеберлік деңгейлерін ұштауға тырысты. Біреу тезірек бейімделсе, енді біреуіне көбірек уақыт керек болды. Әсіресе, бұл маусымның соңына қарай байқалды. Плей-оффқа кіруді алдарына мақсат етіп қойды. Команда әрбір ойында тартысты, кез келген қарсыласқа төтеп беруге тырысты, сондықтан бізде жүрдім-бардым матчтар болған жоқ. Бапкерлер штабы үшін басты міндет – жігіттерді «Барыс» жүйесіндегі ересектер хоккейіне дайындау болып қала бермек, себебі балалар әрі қарай жылжып, дамып, жақсы командалармен ойындарда шеберліктері мен тәжірибесін жинауы тиіс.
- Биылғы маусымның басында жас жігіттер көп келді, кімді атай аласыз?
- Маған 2004 жылғы туылған жігіттер: Илья Шапоров, Руслан Телгожаев, Егор Смольянинов, Александр Фокин, Артём Авдеенко ұнады. Жақсы жігіттер, біз тіпті оларды ересектер чемпионатында осылайша сенімді ойнайды деп күтпедік. Олардың дәл осылай қадамдармен өсе бергенін қалаймыз. «Барыс» БЖСМ, атап айтқанда бапкерлер Александр Березенский мен Виктор Тереховке «Снежные Барсы» үшін жәй ойнап қоймай, өз нәтижелерімен командаға көмектескен жігіттер үшін алғыс айтқымыз келеді.
- Әрбір ойыншының тілін тауып, команданы барлығы маусым соңында көрген ұжымға айналдыру қалай қолыңыздан келді?
- Ұжымның қалыптасуы – ең күрделісі, оның үстіне бізде құрамдар ұдайы өзгеріп отырады. Маусымның ортасына қарай құрамның негізі қалыптаса бастайды. Әлем чемпионатындағы ойындарда тәжірибе алдық, басқа елдегі өз қатарластарымыздың деңгейін көрдік. Халықаралық деңгейдегі ойындар қажет. Бұл – біз ұмтылуымыз керек деңгей. Жігіттер өз-өздеріне және бір-біріне сенім білдірді. Ұжым қалыптасты, өзара қарым-қатынас та өзгерді.
- Биылғы маусымда өткен маусымға қарағанда жақсырақ өнер көрсетулеріңізге не себеп?
- Жігіттер мен бапкерлер штабының қажырлы еңбегінің арқасы. Жігіттер өздеріне, командаластарына сенді. Команда сияқты қимылдады!