Апта ойыншысы – Михаил Рахманов

11 sáýir
1636

ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне ең үлкен үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Pro Ligasyплей-оффының төртінші аптасының ойыншысы ретінде Михаил Рахманов танылды. «Сарыарқаның» шабуылшысы «Номадпен» серияның бесінші және алтыншы матчтарында гол салып, өз командасына Қазақстан чемпионатының финалына шығуға көмектесті. Әсіресе, оның қарағандылықтарға психологиялық тұрғыдан қажетті үстемдікті берген сенбілік матчтағы шайбасы маңызды болды.

Жалпы алғанда Рахманов тамаша кубоктік кезеңді өткізді. Ширек финал мен жартылай финалдың барлық 10 кездесуінде ойын алаңынан бір рет қана ұпайсыз кетті. Қазір оның қоржынында нәтижелілігі үшін 13 (6+7) балл бар.