Сарыарқа финалға шықты, Арлан мен Бейбарыс жетінші матчын ойнайды

9 sáýir
2016

«Сарыарқа» «Номадқа» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті және жартылай финалдық серияны тұйықтады. «Арлан» мен «Бейбарыстың» сериясы шешуші жетінші текетіресте аяқталады.

«Сарыарқа» мен «Номад» арасындағы алтыншы матчтың басты қаһарманы өз қақпасына шайба дарытпаған қарағандылықтардың голкипері Андрей Шутов болды. Қонақтар екі рет артық құрам ұйымдастырып, сериядағы төртінші жеңісіне қол жеткізді де, финалға шықты.

«Номад» - «Сарыарқа» 0:4 (0:1, 0:2, 0:1)

0:1 – 16:59 – Голоднюк (Аноховский, Барбашев) ГБ

0:2 – 20:26 – Федоров (Голоднюк)

0:3 – 36:23 – Рахманов (Сиксна, Аноховский) ГБ

0:4 – 57:05 – Яковлев (Кунишников, Ширяев)

Қақпашылар: Бояркин – Шутов

Сериядағы есеп: «Сарыарқаның» пайдасына 4-2.

«Бейбарыс» әрбір кезеңде артық құраммен бір-бірден гол салып, қорғаныста сенімді ойнады. Атыраулықтардың қақпашысы Дмитрий Хозяшев қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді. Бұл жартылай финалдық жұптың жеңімпазы 12 сәуір күні Петропавлда анықталады.

«Бейбарыс» - «Арлан» 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

0:1 – 02:50 – Волгин (Бердников)

1:1 – 17:15 – Дыньков (Колесников, Титов) ГБ

2:1 – 35:51 – Ананичев Ал. (Ананичев Ар., Баженов) ГБ

3:1 – 53:09 – Иванов (Бурделёв, Кузнецов) ГБ

Қақпашылар: Хозяшев – Румянцев

Сериядағы есеп: 3-3. 


ВКонтакте, Инстаграм < Присоединяйтесь и следите за новостями Pro Ligasy на удобных для себя платформах.