Арлан Бейбарыспен жартылай финалда алғаш рет алға шықты, Номад серияны елордаға қайтарды

6 sáýir
1584

Жартылай финалдық ойындардың бесінші күні әлі бірде-бір команда келесі раундқа жолдама алған жоқ.

«Арлан» мен «Бейбарыстың» бесінші текетіресі аса нәтижелі болмады. Негізгі оқиғалар қорытынды кезеңде орын алды. «Көкшеліктерге» жеңісті Ярослав Евдокимовтың дөп соққысы, сонымен қатар қақпашы Илья Румянцевтің 28 соққыға берген тойтарысы сыйлады. Көкшетаулықтар атыраулықтармен серияда алғаш рет алға шықты.

«Арлан» - «Бейбарыс» 2:1 (1:0, 0:0, 1:1)

1:0 – 16:42 – Жиляков (Лукин, Борисов)

1:1 – 42:26 – Титов

2:1 – 45:16 – Евдокимов (Пархоменко, Акишин)

Қақпашылар: Румянцев – Хозяшев

Сериядағы есеп: «Арланның» пайдасыа 3-2.

«Сарыарқа» «Номадпен» бесінші матчтың екінші кезеңінде құрдымға кетті. Және бірінші реттен финалға жолдама ала алмады. Қорытынды кезеңде қарағандылықтар жағдайды түзеу үшін барын салды, алайда «көшпенділер» бұл кеште дес бермей, серияны Нұр-Сұлтанға қайтарды. Жеңіс соққысы Захар Пархоменконың есебінде. Айтқандай, «Сарыарқа» маусым бойынша үшінші рет қана бір ойын барысында бес шайба өткізіп отыр.

«Сарыарқа» - «Номад» 3:5 (0:1, 1:4, 2:0)

0:1 – 19:12 – Александров (Рунов, Волосенков) ГБ

0:2 – 26:00 – Несветаев

0:3 – 27:00 – Гусейнов (Александров, Рунов)

1:3 – 30:45 – Барбашев (Ибрайбеков, Хорошев)

1:4 – 32:18 – Пархоменко (Бекетаев, Гусейнов)

1:5 – 36:14 – Шестаков (Гатиятов, Орехов) ГБ

2:5 – 42:53 – Рахманов (Аноховский, Хорошев)

3:5 – 59:36 – Беляев (Полохов, Голоднюк)

Қақпашылар: Крамарь (Ибрагимов, 26:00-60:00) – Бояркин

Сериядағы есеп: «Сарыарқаның» пайдасына 3-2.