«Теміртаудың» бас бапкері Виктор Буяльский аяқталған маусымға қатысты пікір білдірді.
- Маусымның басын нашар ойнадық. Алдымен команда ойын өрнегін таба алмады, ал кейін маусым барысында қарқын алып, турнир кестесінің барлық көшбасшыларынан ұпайларын тартып ала бастады.
- Плей-оффқа шығуға не жеткіліксіз болды?
- Команда үшін әрине плей-оффқа шығу мақсат болды, алайда бізге бір ғана «алтын ұпай» жетпеді. Кейбір сәттерде бізді концентрацияның жоғалуы, сәттердің жүзеге аспауы бізді құрдымға кетірді, кейбір сәттерде жолымыз болмады. Бұл әрине ақталу емес, бірақ жігіттер тырысып-бақты. Бұл хоккей және плей-оффта барлығы сегіз орын бар.
- Өткен маусымда «Қыран» үшін ойнаған жас ойыншылар туралы не айтасыз?
- Командамызға «Қыраннан» келген жігіттер бойынша айтпағым мынау. Станислав Соловьев жас ойыншы ретінде барлық ойындарға қатысты. Даир Алламов маусымның соңында жарақат алып, әрі қарай ойнай алмады. Константин Двуреченский мен Денис Чапоровты плей-оффқа «Сарыарқа» алып кетті. Даниил Свинтальский Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына шақырту алды. Альберт Коваль маусымның соңында ойнауға мүмкіндік алды. Егер жас хоккейшілер өз-өздерімен көбірек жұмыс жасайтын болса, олар тек лимитшілер қызметін атқарып қана қоймай, «Теміртау» командасында негізгі ойыншылар ретінде беки алады.