Кеше «Бейбарыс» - «Арлан» матчының 58-шы минутында атыраулық команданың қорғаушысы Михаил Дыньков тыйым салынған күштік тәсілді қолданып, матч соңына дейін аластатылды.
ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі аталмыш эпизодты қарастырып, Дыньковты Регламенттің 1.14-тармағы бойынша қарсылас жарақат алған әрекеттері үшін жазалау туралы шешім қабылдады. Осылайша, «Бейбарыс» қорғаушысына үш міндетті және үш қосымша матчтан аластату түрінде жаза қолданылды.