ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне ең үлкен үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
ProLigasyплей-оффының үшінші аптасының ойыншысы ретінде Степан Грымзин танылды. «Сарыарқаның» шабуылшысы өткен кезеңде тамаша нәтижелілік көрсетті. Форвард «Номадпен» серияда төрт матчтың үшеуінде көзге түсіп, 5 гол салды. Қуантарлығы, бұл үшін оған небәрі 9 соққы (55,56% жүзеге асты) қажет болды. Ол салған шайбалардың бірі қарағандылықтарға жеңіс әкелді.
Петерис Скудраның командасы бүгінгі таңда жартылай финалда үш рет жеңіске жетті, бүрсігүні чемпионаттың шешуші сериясына жолдама алуы мүмкін.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa