Торпедо хоккей клубы маусымды жанкүйерлерге арналған шарамен аяқтады

4 sáýir
2163

2 сәуір күні Борис Александров атындағы Спорт сарайында «Торпедо», «Алтай Торпедо» және «Торпедо» жастар командасының хоккейшілері 2021/2022 хоккей маусымының аяқталуына арналған дәстүрлі матч аясында мұзайында «Торнадо» жанкүйерлер командасымен кездесті.

Жанкүйерлер командасымен бірге өтетін матч игі дәстүрге айналып үлгерді және шоу түрінде өтеді. Онда дайындалған «фишкалар» да, сондай-ақ импровизация да бар. Бұл жолы матчқа клуб жүйесінің барлық хоккейшілері, оның ішінде жастар командасы қатысты. Ауқымды шара бірнеше блокқа бөлініп, онда тек спортшылар мен олардың балалары ғана емес, сондай-ақ көрермендер де өз шеберлігін көрсете алды. Кездесу дәстүрлі автографпен және мұзайындағы фотосессиямен аяқталды.

Іс-шара туралы толығырақ «Торпедо» ХК ресми сайтынан біле аласыздар.