Бүгінгі қос жартылай финалдық матч та қонақтардың пайдасына шешілді.
«Номад» бастапқы минуттарды жақсы өткізіп, екі шайба салды және екі кезең бойы ойын барысын бақылады. Алайда қорытынды кезеңде «көшпенділер» сүрініп, мұны «Сарыарқа» ұтымды пайдаланды. Қонақтар алты минутқа жетпейтін уақыт ішінде кездесудің барысын өзгертіп, сериядағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Шешуші шайба Михаил Рахменовқа тиесілі.
«Номад» - «Сарыарқа» 2:4 (2:0, 0:0, 0:4)
1:0 – 07:31 – Мухаметов (Пархоменко)
2:0 – 08:48 – Шестаков (Орехов, Данияр)
2:1 – 42:51 – Кожевников (Сиксна, Барбашев) ГМ
2:2 – 45:00 – Барбашев (Аноховский, Рахманов)
2:3 – 48:17 – Рахманов (Аноховский, Сиксна)
2:4 – 53:40 – Федоров (Барбашев, Рахманов)
Қақпашылар: Бояркин – Крамарь (Ибрагимов, 08:48-60:00)
Сериядағы есеп: «Сарыарқаның» пайдасына 3-1.
«Арлан» тәжірибелі Владимир Маркеловтың арқасында «Бейбарыспен» серияда өз жағдайын түзетті. Бұл ойында екінші кезең шешуші болып, көкшетаулықтар шешуші басымдыққа ие болды. Қорытынды кезеңде «Бейбарыс» бар күшін салып, есеп айырмашылығын минимумға дейін азайтты. Алайда алаң иелері жеңілістен құтыла алмады. Командалар Көкшетауға сериядағы тең есеппен оралады.
«Бейбарыс» - «Арлан» 3:4 (0:0, 0:2, 3:2)
0:1 – 29:16 – Маркелов (Пархоменко) ГМ
0:2 – 32:08 – Маркелов (Пархоменко, Боровков)
0:3 – 45:10 – Лукин (Акишин) ГБ
1:3 – 46:30 – Баженов (Ананичев Ар., Ананичев Ал.)
2:3 – 51:21 – Иванов (Воробьев) ГБ
2:4 – 55:34 – Старцев (Жиляков, Борисов)
3:4 – 57:54 – Иванов (Баженов) ГМ
Қақпашылар: Мальгин – Румянцев
Сериядағы есеп: 2-2.