2 сәуір күні Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні атап өтіледі. Бұл күнді БҰҰ Бас ассамблеясы 2007 жылдың 18 желтоқсанында белгіледі.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми деректері бойынша 2021 жылдың басында елде 0-17 жас аралығындағы 6 295 590 бала болған. Егер 44-ке 1 статистикасын қолдансақ, Қазақстанда 143 081 бала аутистік спектрдің бұзылысына (АСБ) ұшыраған.
Бүгін Қазақстан чемпионаты жартылай финалының «Номад» пен «Сарыарқа» арасындағы матчын АСБ балалармен жұмыс жасайтын «Otisium - Qadam» халықаралық коррекциялық дамыту орталығының тәрбиеленушілері келіп көрді. Олар шайба лақтыруға қатысып, қызықты ойынды тамашалады.
Дереккөз – «Барыс» ХК баспасөз қызметі