Бейбарыс пен Сарыарқа өз серияларында алға шықты

2 sáýir
1955

Жартылай финалдық сериялар аясындағы үшінші матчтар негізгі уақытта аяқталды.

Елордадағы матчта қарсыластар бірінші кезеңде-ақ нәтижелі шабуылдармен алмасты. «Сарыарқа» кезекті рет Сергей Барбашевтің арқасында артық құраммен гол салды. Алаң иелері оған қарсы соққымен жауап беріп, Станислав Александров шайба дарытты.

Екінші кезеңнің басында қонақтар Степан Грымзин мен Иван Ширяевтің шайбаларынан кейін шешуші үстемдікке ие болды. Бұл серпіліс матчтың тағдырын шешті. Қарағандылықтар жартылай финалда екінші жеңісіне қол жеткізді.

«Номад» - «Сарыарқа» 2:4 (1:1, 1:2, 0:1)

0:1 – 07:02 – Барбашев (Сиксна, Аноховский) ГБ

1:1 – 11:55 – Александров (Бекетаев, Гусейнов)

1:2 – 23:01 – Грымзин (Рахманов, Аноховский)

1:3 – 24:09 – Ширяев (Кунишников)

2:3 – 38:00 – Александров (Михнин, Бекетаев)

2:4 – 57:09 – Кожевников (Данияр)

Қақпашылар: Бояркин – Крамарь

Сериядағы есеп: «Сарыарқаның» пайдасына 2-1.

«Арланның» бүгін көп ойыншысы аластатылып, бұл кездесудің барысына елеулі әсер етті. «Бейбарыс» төрт артық құрам ұйымдастырып, кездесуді еш саспастан жеңіске жеткізді. Нәтижелілігі үшін Иван Кузнецов төрт балл алды. Атыраулықтар тағы да алға шықты.

«Бейбарыс» - «Арлан» 5:2 (0:1, 2:0, 3:1)

0:1 – 13:40 – Жиляков (Пластинин)

1:1 – 21:31 – Баженов (Кузнецов, Ананичев Ар.)

2:1 – 26:08 – Колесников (Дыньков, Титов) ГБ

3:1 – 43:10 – Ананичев Ал. (Рыжий, Кузнецов) ГБ

4:1 – 46:36 – Кузнецов (Иванов, Бурделёв) ГБ

5:1 – 49:57 – Воробьев (Бурделёв, Кузнецов)

5:2 – 50:27 – Евграфов (Гребенщиков, Бердников) ГБ

Қақпашылар: Мальгин – Румянцев

Сериядағы есеп: «Бейбарыстың» пайдасына 2-1.