Снежные Барсы және Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тең түсті

1 sáýir
3222

«Снежные Барсы» командасы мен Қазақстан жасөспірімдер командасы арасындағы екінші жаттығу матчы 2:2 есебімен аяқталды.

«Снежные Барсы» құрамынан Динмухамед Сапарбек пен Альтаир Есмурзиев шайба салды. «Жасөспірімдер» құрамынан Никита Ситников пен Илья Шапоров салды.

Сәуірдің 3-інен 4-іне қараған түні Қазақстан құрамасы бас бапкер Сергей Старыгиннің жетекшілігімен Словакияға аттанып, онда әлемдік біріншілікке дайындықты жалғастырады.

Әлем чемпионатындағы алғашқы матчын команда 11 сәуір күні Норвегия командасына қарсы өткізеді. Қазақстанға қарсы Франция, Дания, Жапония және Словакия құрамалары ойнайды.