ҚХФ Сарыарқаның есепке алынбаған голына қатысты пікір білдірді

31 naýryz
2424

Жартылай финалдың «Сарыарқа» мен «Номад» арасындағы екінші матчының 59-ші минутында қарағандылықтар шайба салып, ол ойынның тоқтауына байланысты есепке алынбаған болатын.

ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі кейінге қалдырылған айыппұл жағдайында ереже бұзған команда ойыншысы шайбаны конькимен кері бағытта дұрыстай отырып, екпінді қозғалтатынын хабарлайды. Бұл ИИХФ қағидаларының (анықтамалар, терминология және ұғымдар) 2-қосымшасына сәйкес, шайбаны игеру деп саналады. Бұл жағдайда судья ойынды тоқтатып, ереже бұзған команда ойыншысына айыппұл салуы тиіс. Осылайша, арбитрлер ойынды тоқтатып, дұрыс шешім қабылдады.