Снежные Барсы бақылау матчында Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жеңді

31 naýryz
2198

Бүгін «Барыс-Аренада» «Снежные Барсы» және алдағы әлем чемпионатына дайындық үстіндегі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы арасында жаттығу матчы өтті.

Кездесу «Снежные Барсы» командасының пайдасына минималды айырмашылықпен аяқталды. Жеңімпаздар құрамынан Игорь Кисель мен Абай Мангисбаев гол салды. Артём Авдеенко жасөспірімдер құрамынан салынған жалғыз шайбаның авторы атанды.

Ертең осы командалар арасында екінші жаттығу кездесуі өтеді. Сәуірдің 3-інен 4-іне қараған түні Қазақстан құрамасы бас бапкер Сергей Старыгиннің жетекшілігімен Словакияға аттанып, онда әлемдік біріншілікке дайындықты жалғастырады.