Арлан мен Номад өз жартылай финалдарындағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді

30 naýryz
1726

Жартылай финалдардың екінші матчтарының қорытындысы бойынша екі серияда да есеп тең болды.

Бүгін «Арлан» бөтен аймақта белсендірек болды, нәтижесінде «Бейбарыстың» қақпасына шайбалар салынды. Көкшетаулықтар екінші кезеңнің екінші жартысын екпінді өткізіп, финалдық ысқырыққа дейін өз үстемдігін сақтап қалды. Роман Бердников дубль жасады.

Командалар Атырауға сериядағы тең есеппен ойысады.

«Арлан» - «Бейбарыс» 4:2 (1:1, 3:1, 0:0)

0:1 – 11:30 – Ананичев Ал. (Баженов) ГБ

1:1 – 16:34 – Карабань (Меньщиков, Старцев) ГБ

1:2 – 24:23 – Кузнецов (Воробьев)

2:2 – 29:14 – Пархоменко (Маркелов, Граборенко) ГБ

3:2 – 34:57 – Бердников (Борисов, Евграфов)

4:2 – 38:15 – Бердников (Евграфов, Лукин)

Қақпашылар: Румянцев – Хозяшев

Сериядағы есеп: 1-1.

«Номад» өзінің сирек сәттерін ұтымды пайдалануға тырысып, «Сарыарқаның» қақпасын төрт рет алды. Бұл үшін қонақтарға небәрі 12 соққы жасау жеткілікті болды. Мұндай нәтиже «көшпенділерді» жартылай финалдағы алғашқы жеңісіне жеткізді. Жеңіс шайбасының авторы – кем құраммен гол салған Максим Мухаметов.

«Номад» екі маусымда алғаш рет «Сарыарқаны» плей-оффта жеңді.

«Сарыарқа» - «Номад» 3:4 (0:1, 1:2, 2:1)

0:1 – 18:35 – Гусейнов (Бекетаев, Михнин)

0:2 – 27:18 – Пелевин (Мухаметов, Пархоменко) ГБ

1:2 – 35:12 – Грымзин (Яковлев, Беляев)

1:3 – 39:26 – Александров

2:3 – 48:20 – Грымзин (Барбашев, Аноховский) ГБ

3:3 – 49:24 – Барбашев (Сиксна, Рахманов) ГБ

3:4 – 50:08 – Мухаметов ГМ

Қақпашылар: Селивёрстов (Ибрагимов, 49:24-60:00) – Бояркин

Сериядағы есеп: 1-1.