Бейбарыс пен Сарыарқа жартылай финалдарды жеңіспен бастады

29 naýryz
2495

Бүгін Петропавл мен Қарағандыда хоккейден Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық серияларының алғашқы матчтары өтті.

«Бейбарыс» финалға жолдама беретін «Арланмен» серияны жеңіспен бастады. Атыраулықтар кезеңдердің әрбірінде бір нәтижелі шабуылдан жасап, қорғаныста тығыз ойнады. Қонақтардың голкипері Дмитрий Хозяшев қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді.

Көкшетаулықтар күтпеген жерден бірінші раундта пайда бола бастаған түйткілге тағы тап болды. Және «Құлагермен» текетіресте төмен нәтижелілік «көкшеліктерге» керек нәтижеге жетуге кедергі келтірмесе, «Бейбарыспен» серияда Сергей Бердниковтің командасына шұғыл түрде әлденені өзгерту қажет.

«Арлан» - «Бейбарыс» 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)

0:1 – 11:56 – Бурделёв (Воробьев)

0:2 – 39:08 – Клочков (Кузнецов, Титов)

0:3 – 48:42 – Баженов (Москалев, Ананичев Ал.)

Қақпашылар: Румянцев – Хозяшев

Сериядағы есеп: «Бейбарыстың» пайдасына 1-0.

«Сарыарқа» мен «Номадтың» арасындағы жартылай финалдық текетірестің алғашқы матчы негізгі уақыттан тыс аяқталды. «Көшпенділер» кездесу барысында үлкен айып минутының салдарынан бірінші буынның орталық шабуылшысынан айрылып, қарсыласқа артық құраммен гол салуға мүмкіндік берді. Алайда үш кезеңнің қорытындысы бойынша таблодағы есеп 2:2 болды.

Бірінші овертаймда-ақ алаң иелері өз дегеніне жетті. Әділ Бекетаевтың өз аймағында жіберген қателігін Степан Грымзин пайдаланып, дубль рәсімдеп, «Сарыарқаға» сериядағы бірінші жеңісін әкелді.

«Сарыарқа» - «Номад» 3:2 ОТ (0:1, 1:0, 1:1, 1:0)

0:1 – 09:06 – Пархоменко (Пелевин, Королёв)

1:1 – 21:11 – Грымзин (Рахманов, Сиксна) ГБ

2:1 – 41:10 – Ширяев (Борисевич, Федоров) ГБ

2:2 – 47:35 – Рунов (Данияр, Орехов) ГБ

3:2 – 70:39 – Грымзин

Қақпашылар: Селивёрстов – Бояркин

Сериядағы есеп: «Сарыарқаның» пайдасына 1-0.