Сарыарқа - Номад сериясының аңдатпасы

28 naýryz
2434

Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық серияларында ойнайтын қарсылас жұптарды талдауды аяқтаймыз.

«Сарыарқа» (1) – «Номад» (5)

Тұрақты чемпионаттағы (бұдан әрі – ТЧ) жеңістер/ұпайлар: 41/83 – 30/63

ТЧ салынған шайба: 210 – 188

ТЧ өткізілген шайба: 72 – 131

ТЧ жекпе-жектер: 3:4, 1:2, 7:6 Б, 3:2

Плей-оффта салынған шайба: 33 – 20

Плей-оффта өткізілген шайба: 2 – 8

Плей-оффтағы үздік бомбардир: Сергей Барбашев (10 балл, 2+8) – Максим Мухаметов (6 балл, 5+1)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектердің барлық матчтары бір шайба айырмашылығымен аяқталды. «Номадтың» «Сарыарқамен» матчтарда қарсыласқа қарағанда бір балл көбірек жинағаны айтып өтерлік жайт.

«Сарыарқа» плей-оффтың бірінші раундында нәтижелілік бойынша үздік көрсеткіштер көрсетті және ширек финалдың барлық қатысушылары арасынан шайбаны ең азырақ өткізді.

Қарағандылықтар құрамында ағымдағы плей-оффтың үздік бомбардирі әрі ассистенті Сергей Барбашев өнер көрсетеді. Қарсы тарапта кубоктік раундтың үздік сұр мергені Максим Мухаметов.