Арлан – Бейбарыс сериясының аңдатпасы

28 naýryz
2854

Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық серияларында ойнайтын қарсылас жұптарды талдауды бастаймыз.

«Арлан» (2) – «Бейбарыс» (3)

Бұл сериядағы «Арланның» үй матчтары Петропавлда өтеді.

Тұрақты чемпионаттағы (бұдан әрі – ТЧ) жеңістер/ұпайлар: 39/82 – 34/70

ТЧ салынған шайба: 177 – 185

ТЧ өткізілген шайба: 90 – 114

ТЧ жекпе-жектер: 3:2 Б, 5:1, 3:4, 3:1

Плей-оффта салынған шайба: 10 – 19

Плей-оффта өткізілген шайба: 4 – 13

Плей-оффтағы үздік бомбардир: Владимир Маркелов (3 балл, 2+1) – Иван Иванов (6 балл, 3+3)

«Арлан» бірінші раундта минималды матч барысында «Құлагерді» жеңді. «Бейбарысқа» жартылай финалға шығу үшін «Ақтөбемен» алты кездесу өткізу керек болды.

Бұл жұпта плей-оффтың ең аз шайба салатын командалары жолығады. «Бейбарыс» 6 ойын ішінде 19 нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. «Арланға» петропавлдық қарсыласты жеңу үшін небәрі 10 гол қажет болды.

«Арлан» мен «Бейбарыс» қатысатын плей-офф матчтарының тең жартысы овертайммен аяқталды. Бұл ретте «Бейбарыс» пен «Ақтөбе» ағымдағы кубоктік раундтың әзірге ең ұзақ кездесуін өткізді. Екінші текетіресте жеңімпазды анықтау үшін батыстықтарға 85 минут және 42 секунд қажет болды.