Плей-оффтың алғашқы раундының топ-3 шабуылшысы

27 naýryz
2465

¼ финалдың қорытындысы бойынша үздік статистикалық көрсеткіштерге ие Pro Ligasy командаларының үш шабуылшысын назарларыңызға ұсынамыз.

Тұрақты чемпионаттың жеңімпазы «Сарыарқа» ¼ финалда «Алтай Торпедомен» өте нәтижелі серия өткізді. Сондықтан плей-оффтың үздік бомбардирлері тізімінің жоғарғы бес орнын қарағандылық клубтың өкілдері алып тұрғаны таңғаларлық жайт емес. Олардың үшеуі туралы біздің материалда айтылады.

Кирилл Кожевников

Тұрақты чемпионатта Кожевников 30 ұпайлық межеге жеткен «Сарыарқаның» жеті хоккейшісінің бірі атанды. Кирилл осы балдың төрттен біріне жуығын плей-оффтың небәрі төрт кездесуі ішінде жинады. Оның қоржынында 7 (2+5) ұпай бар, плей-оффта өнер көрсететін барлық ойыншылар арасындағы ең үздік пайдалылық көрсеткішіне (+8) ие.

Никита Аноховский

Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша ең нәтижелі ойыншы өз статистикасын әрі қарай жақсартуда. Өскемендіктерге қарсы серияда Никита әрбір матчта ұпай жинады, барлығы 9 (3+6) ұпай жинады. Айтып өтетін жайт, Аноховский 2022 жылы бір ғана текетіресте мұздан ұпайсыз кетті.

Сергей Барбашев

Форвард «сары-қаралар» құрамын плей-офф басталуға таяғанда толықтырды. Және тәжірибелі спортшыға әріптестерімен тіл табысып, бірінші топтан орын алу үшін көп уақыт қажет болмады. Дәл қазір ол плей-оффта Лиганың үздік бомбардирі әрі ассистенті (10 балл, 2+8) және бапкерлер штабының ең басты шабуылдаушы қаруының бірі.