Артемий Лакиза Номадтың бапкерлер штабына қосылды

25 naýryz
1825

«Барыс» хоккей клубы Артемий Лакизамен келісімшарт жасасқаны туралы жария етті. Маман «Номадта» физикалық дайындық жөніндегі бапкер қызметін атқаратын болады.

«Барыстың» және Қазақстан құрамасының экс-қорғаушысы өткен маусым аяқталысымен ойыншы ретіндегі мансабын аяқтап, бапкерлік қызметке өтті. Өз мансап жолында Лакиза Құрлықтық хоккей клубында 120-дан астам матчта ойнап, «Номадтың» құрамында Қазақстан чемпионы атанып, елдің ұлттық құрамасы үшін 90 ойын өткізді.