¼ финалдың қорытындысы бойынша үздік статистикалық көрсеткіштерге ие Pro Ligasy командаларының үш қақпашысын назарларыңызға ұсынамыз.
Дмитрий Хозяшев («Бейбарыс»)
Атыраулықтардың Мальгин-Хозяшев қақпашылар бригадасы «Ақтөбемен» серияда үш матчтан атқарды. Алайда жартылай финалға шығуға қажетті төрт жеңістің үшеуіне дәл Дмитрий Хозяшев қол жеткізді. Шешуші алтыншы текетіресте голкипер небәрі бір шайба өткізіп, қақпаға бағытталған 18 соққыға тойтарыс берді және осылайша өз командасына овертаймда қарсыласты тықсыруға көмектесті. Плей-оффта Хозяшев әр ойында орта есеппен 1,8 шайбадан өткізіп, соққылардың 93,6%-ына тойтарыс берді.
Никита Бояркин («Номад»)
«Барыстан» «Номадқа» жіберілген Бояркин плей-оффта «көшпенділердің» қақпашылар бригадасының сөзсіз бірінші ойыншысына айналды. «Торпедомен» бірінші матчта овертаймда жеңіліп, Никита өз командасына келесі төртеуінде жеңіске жетуге көмектесті. Елордалық ұжымның голкипері бірінші раундты 1,5 сенімділік коэффициентімен және тойтарылған соққылардың 93,6%-дық көрсеткішімен аяқтады. Айтып өтетін жайт, Бояркин мұзда 320 минут және 36 секунд өткізді – бұл плей-оффтың барлық қақпашылары арасындағы екінші, ал біздің топ-3-тегі бірінші нәтиже.
Илья Румянцев («Арлан»)
Өткен маусымның үздік қақпашысы өз деңгейін биылғы чемпионатта да дәлелдеуді жалғастырып келеді. Көбіне-көп Румянцевтің сенімді ойынының арқасында «Арлан» «Құлагермен» серияны минималды матч ішінде аяқтады. Ильяның өзі осы ойындар барысында небәрі 4 шайба өткізіп (СК – 0,9), шешуші төртінші текетіресте құрғақ жеңіске қол жеткізді. Оның активінде тойтарылған 156 соққы бар (97,5%).