Капуловский Құлагерде, Антипин Арланда

22 naýryz
2056

Петропавлдық және көкшетаулық клубтардың баспасөз қызметтері соңғы өзгерістер туралы жария етті.

«Құлагердің» бас бапкері ретінде ресми түрде Владимир Капуловский тағайындалды. Маман қазақстандық жанкүйерге «Арлан» мен «Алматыдағы» жұмысымен жақсы таныс. Владимир Ивановичтің жетекшілігімен көкшетаулықтар Құрлықтық кубоктің иегері атанған болатын. Капуловский Петропавлға жетіп, келесі маусымға дайындық жұмысын бастап кетті.

«Арланның» бас менеджері қызметіне Владимир Антипин тағайындалды. Бұрын өте танымал ойыншылардың бірі болған Антипиннің ҚХЛ мен ЖХЛ клубтарында скауттық жұмыс тәжірибесі мол. Енді маман көкшетаулық клубқа құрамды жасақтау мен басқа да әкімшілік мәселелерде өз көмегін тигізетін болады.