Номад жартылай финалға шықты

19 naýryz
2216

Хоккейден Қазақстан чемпионаты жартылай финалдарының үшінші қатысушысы анықталды.

«Номад» төртінші ойын қатарынан «Торпедоны» жеңіп, плей-оффтың келесі раундына шықты. «Көшпенділер» бүгін артық құраммен біршама сәтті жүзеге асыруының, сонымен қатар соңғы кезеңде Никита Бояркиннің сенімді ойнауының арқасында жетістікке жетті. «Торпедо» маусымды ¼ финал кезеңінде аяқтады.

«Торпедо» - «Номад» 1:4 (0:1, 0:2, 1:1)

0:1 – 16:55 – Бекетаев (Михнин) ГБ

0:2 – 23:24 – Михнин (Гусейнов, Бекетаев) ГБ

0:3 – 39:57 – Мухаметов (Зубов) ГБ

0:4 – 43:27 – Зубов (Данияр, Мухаметов) ГМ

1:4 – 52:28 – Архипов (Игнашин, Дерзаев)

Қақпашылар: Янков – Бояркин

Сериядағы есеп: «Номадтың» пайдасына 4-1.