​Қазақстан хоккей федерациясының жаңа сайты

19 naýryz
2572

Қазақстан хоккей федерациясының жаңа сайты іске қосылды.

Қазақстан хоккей федерациясының жаңа icehockey.kz сайты іске қосылды. Порталда елдің құрама командалары бойынша барлық жаңалықтар: құрамдар, бапкерлер штабы, нәтижелер, сұхбаттар жарияланатын болады. Сонымен қатар елдегі балалар чемпионаты бойынша барлық ақпарат: кесте, турнир кестесі, статистика жарияланып отырады. ҚХФ бас директоры жаңа порталдың іске қосылуына байланысты пікір білдірді:

«Соңғы бір жарым жылда Ligasy.kz порталын дамытуға және бейімдеуге баса мән берілді. Бұл еліміздің кәсіби, жастар және қыздар лигалары бойынша барлық деректер жиналған, ойыншылардың, бапкерлердің, төрешілердің толыққанды деректер базасы енгізілген бірыңғай ақпараттық платформа. Елдің кәсіби және жастар чемпионаттары матчтарының көрсетілімдерін жетілдіруге, Insport телеарнасын дамытуға айрықша мән берілді.
Жаңа icehockey.kz сайтында Қазақстан құрамасы, балалар-жасөспірімдер хоккейі, инфрақұрылым, федерацияны дамыту жобалары бойынша ақпаратқа толықтай қол жеткізуге болады. Жаңа сайтымызға қош келдіңіздер! Порталдың жұмысы бойынша барлық сұрақтар, ұсыныстар мен тілектер support@icehockey.kz электрондық поштасына қабылданады» - деді федерация басшысы.