«Ақтөбе» ширекфиналдың екінші үй матчын «Бейбарыспен» сенімді өткізді.
Алаң иелері қорғаныста мығым ойнап, өз сәттерін іске асыруға ұқыптылықпен қарады. «Ақтөбенің» жеңіске жетуіне дубль жасаған тәжірибелі Евгений Гасниковтің қосқан үлесі мол болды. Қақпашы Дмитрий Шаров қақпаға бағытталған 43 соққыға тойтарыс берді. Серия Атырауға тең түскен 2-2 есебімен ойысады.
«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 4:2 (1:0, 2:1, 1:1)
1:0 – 08:56 – Гасников (Киселёв, Ермолаев) ГБ
2:0 – 23:07 – Кутугин (Воронин, Потайчук)
3:0 – 24:24 – Гасников (Ермолаев, Киселёв)
3:1 – 37:32 – Болякин (Закарлюкин) ГБ
4:1 – 47:50 – Потайчук (Зинченко)
4:2 – 57:00 – Воробьев
Қақпашылар: Шаров – Мальгин
Сериядағы есеп: 2-2.