Сарыарқа мен Арлан жартылай финалға шықты, Номадтың келесі раундқа өтуіне бір қадам қалды

16 naýryz
1437

«Сарыарқа» «Алтай Торпедоны» тағы да ойсырата жеңіп, плей-оффтың екінші раундына шықты. «Торпедо» маусыммен қош айтыса жаздады. «Арлан» минималды есеппен «Құлагерді» жеңіп, петропавлдықтарды демалысқа жіберді. «Бейбарыс» пен «Ақтөбе» жеңімпазды тек овертаймда анықтады.

«Сарыарқа» мен «Алтай Торпедоның» төртінші кездесуінде де таңғаларлықтай ештеңе болған жоқ. Қарағандылықтар қарсыласты кезекті рет ойсыратып, көпшілік күткендей плей-оффтың келесі раундына шықты.

«Алтай Торпедо» - «Сарыарқа» 1:9 (0:3, 0:4, 1:2)

0:1 – 13:39 – Грымзин (Сиксна, Барбашев) ГБ

0:2 – 15:17 – Беляев (Полохов, Кожевников)

0:3 – 17:08 – Полохов (Аноховский, Барбашев)

0:4 – 27:18 – Барбашев (Жарёнов, Аноховский)

0:5 – 32:40 – Аноховский (Сиксна, Барбашев) ГБ

0:6 – 37:06 – Гусейнов (Кожевников, Данияр)

0:7 – 39:35 – Кожевников (Ларионов)

0:8 – 41:20 – Ларионов (Кожевников)

1:8 – 42:55 – Хоменко (Курсакбаев, Рифель)

1:9 – 52:54 – Аноховский (Анохин, Барбашев)

Қақпашылар: Ершов – Шутов

Сериядағы есеп: «Сарыарқаның» пайдасына 4-0.

«Номад» екінші кезеңін сәтті өткізіп, «Торпедомен» үй матчын жеңіп кетті. Бұл жекпе-жекте нәтижелілігі үшін Аркадий Шестаков үш балл алды. Қақпашы Никита Бояркин қақпаға бағытталған 20 соққыға тойтарыс берді. Командалар Өскеменге елордалық ұжымның пайдасына шешілген сериядағы 3-1 есебімен оралады.

«Номад» - «Торпедо» 3:1 (1:1, 2:0, 0:0)

1:0 – 09:18 – Зубов (Пелевин, Шестаков)

1:1 – 19:13 – Гренц (Игнашин)

2:1 – 27:19 – Шестаков (Орехов)

3:1 – 37:52 – Рунов (Орехов, Шестаков) ГБ

Қақпашылар: Бояркин – Янков

Сериядағы есеп: «Номадтың» пайдасына 3-1.

«Арлан» мен «Құлагердің» төртінші текетіресінде барлығын салынған бір шайба шешті. Көкшетаулық ұжымға жеңісті Роман Бердниковтің дөп соққысы мен Илья Румянцевтің 32 рет берген тойтарысы сыйлады. «Көкшеліктер» минималды матч нәтижесінде жартылай финалға жолдама алды.

«Құлагер» - «Арлан» 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 57:13 – Бердников (Лукин)

Қақпашылар: Грязнов – Румянцев

Сериядағы есеп: «Арланның» пайдасына 4-0.

«Ақтөбе» плей-оффтың алғашқы үй матчын жеңе алмады. Алаң иелері «Бейбарыспен» матч барысында екі шайба артта қалып келе жатқан жерінен есе қайтарды. Алайда атыраулықтар овертаймда қарсыластың арынын басты. Жеңіс шайбасы Никита Колесниковтің есебінде.

«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 3:4 ОТ (1:2, 2:1, 0:0, 0:1)

1:0 – 15:24 – Потайчук

1:1 – 19:17 – Москалев (Григоркевич)

1:2 – 19:55 – Воробьев (Бурделёв, Иванов)

1:3 – 30:14 – Бурделёв

2:3 – 33:39 – Тесленко (Кутугин, Скатов) ГБ

3:3 – 37:41 – Скатов (Кутугин) ГБ

3:4 – 73:25 – Колесников (Бурделёв, Степаненко)

Қақпашылар: Шаров – Хозяшев

Сериядағы есеп: «Бейбарыстың» пайдасына 2-1.