Сарыарқа мен Арлан жартылай финалға шығуға жақын, Номад Торпедомен серияда алғаш рет алға шықты

15 naýryz
1378

«Сарыарқа» тағы да «Алтай Торпедоны» ойсырата жеңді. «Номад» «Торпедоны» тырп еткізбеді. «Арлан» жартылай финалға шығуға таяды.

Ширекфиналдың үшінші матчында «Алтай Торпедо» дегенмен «Сарыарқаның» қақпасын аша алды, алайда өскемендіктер серия барысын бұра алмады. Тұрақты чемпионаттың жеңімпазы үшінші сенімді жеңісіне қол жеткізіп, күні ертең серияны аяқтай алады.

«Алтай Торпедо» - «Сарыарқа» 1:8 (0:4, 1:2, 0:2)

0:1 – 04:37 – Борисевич (Анохин)

0:2 – 12:42 – Кожевников (Нургалиев, Киселёв)

0:3 – 13:59 – Ларионов (Кожевников, Сиксна)

0:4 – 15:00 – Полохов (Рахманов, Хорошев)

0:5 – 24:12 – Гусейнов (Федоров)

1:5 – 25:59 – Курсакбаев (Назаренко, Джангазинов)

1:6 – 38:37 – Рахманов (Аноховский, Сиксна) ГБ

1:7 – 43:44 – Яковлев (Жарёнов, Грымзин) ГМ

1:8 – 58:51 – Кунишников (Борисевич, Нургалиев) ГБ

Қақпашылар: Ершов – Селивёрстов

Сериядағы есеп: «Сарыарқаның» пайдасына 3-0.

«Номад» «Торпедоны» күтпеген жерден ойсырата жеңді. Бірінші кезеңде-ақ көшпенділер қарсыласты төрт рет састырды. Әрі қарай есеп айырмашылығы ұлғая түсті. Максим Мухаметов хет-трик жасады, Андрей Рунов пен Денис Михнин екі реттен көзге түсті. Александр Высоцкийдің командасы серияда алғаш рет жеңістері бойынша алға шықты.

«Номад» - «Торпедо» 8:2 (4:0, 3:0, 1:2)

1:0 – 05:28 – Мухаметов (Зубов, Несветаев)

2:0 – 06:31 – Рунов (Шестаков, Гатиятов)

3:0 – 09:53 – Михнин (Гусейнов, Волосенков)

4:0 – 16:54 – Рунов (Орехов, Волосенков) ГБ

5:0 – 29:56 – Михнин (Данияр, Орехов)

6:0 – 32:50 – Несветаев (Орехов, Бойко)

7:0 – 38:13 – Мухаметов (Пархоменко)

8:0 – 45:18 – Мухаметов (Бекетаев, Зубов)

8:1 – 48:29 – Гурин

8:2 – 56:29 – Гренц (Игнашин, Кучин) ГБ

Қақпашылар: Бояркин – Рейзвих (Янков, 09:53-40:00)

Сериядағы есеп: «Номадтың» пайдасына 2-1.

«Арлан» мен «Құлагердің» текетіресіндегі үшінші матч овертаймға жетпеді. Көкшетаулықтар өз сәттерін уақытылы іске асырды, ал петропавлдықтар Илья Румянцевті бір реттен артық сүріндіре алмады. Ақтық ысқырық «көкшеліктердің» сериядағы үшінші жеңісін тіркеді.

«Құлагер» - «Арлан» 1:4 (0:1, 1:1, 0:2)

0:1 – 13:03 – Акишин

0:2 – 20:19 – Карабань

1:2 – 24:26 – Поляничев (Ахметов, Попов) ГБ

1:3 – 42:11 – Пластинин (Борисов, Жиляков)

1:4 – 45:25 – Бердников (Евграфов, Лихотников)

Қақпашылар: Грязнов – Румянцев

Сериядағы есеп: «Арланның» пайдасына 3-0.