ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістіктеріне ең үлкен үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Pro Ligasy плей-оффының бірінші аптасының ойыншысы деп Максим Кунишников танылды. Форвард ширекфиналдық сериялар басталар алдында «Сарыарқа» құрамын жалдау құқығымен толықтырды және бірден тамаша нәтижелілік көрсетуде.
«Алтай Торпедомен» үйдегі екі ойында Кунишников 6 (1+5) ұпай жинады. Өз балдарының тең жартысын Максим артық құраммен ойнау барысында жинады, бұл бапкерлер штабының жоғары сенім артатынын білдіреді. Үй сериялары үшін пайдалылық көрсеткіші (+3) болды.
«Сарыарқа» бұл ретте екі ірі жеңіске жетіп, енді Өскеменге біршама басымдылықпен аттануда.