Сарыарқаның құрғақ жеңісі, Номадтың жігерлі ойыны

12 naýryz
3503

«Сарыарқа» сериядағы үстемдігін нығайтты. «Номад» Өскеменнен бір жеңіспен қайтты. «Бейбарыс» плей-оффтың алғашқы матчын сәтті өткізді. «Арлан» мен «Құлагер» 83 минуттай ойнады.

«Көшпенділер» «Торпедомен» кездесудің әрбір кезеңінде бір нәтижелі шабуылдан ұйымдастырып, қорғаныста мығым ойнады. Осының нәтижесінде «Номад» ширекфиналдық серияда алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Командалар елордаға 1-1 есебімен аттанады.

«Торпедо» - «Номад» 1:3 (1:1, 0:1, 0:1)

1:0 – 05:30 – Шапорев (Архипов)

1:1 – 08:26 – Шестаков (Орехов, Гатиятов) ГБ

1:2 – 29:37 – Александров (Бекетаев, Михнин)

1:3 – 51:19 – Мухаметов (Пархоменко, Зубов)

Қақпашылар: Янков – Бояркин

Сериядағы есеп: 1-1.

«Арлан» мен «Құлагердің» екінші кездесуі тек екінші овертаймда аяқталды. Ойынның шартты иелеріне жеңісті Владимир Гребенщиков салған дөп соққы сыйлады. Көкшетаулықтар серияда жайлы есеппен алға шықты.

«Арлан» - «Құлагер» 3:2 ОТ2 (2:2, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 01:09 – Попов (Моренец, Поляничев)

1:1 – 04:30 – Пархоменко (Маркелов, Пластинин) ГБ

2:1 – 05:33 – Борисов (Жарков, Старцев)

2:2 – 06:37 – Юлбарисов (Галимов)

3:2 – 82:53 – Гребенщиков (Граборенко, Лихотников)

Қақпашылар: Румянцев – Грязнов

Сериядағы есеп: «Арланның» пайдасына 2-0.

«Сарыарқа» бірінші кезеңде-ақ қарсыласты үш рет састырып, кездесуді қиналмастан сериядағы екінші жеңісімен аяқтады. Александр Борисевич пен Степан Грымзин екі реттен гол салды. Қарағандылықтар түздегі ойынға тамаша көңіл күймен аттанды, ал «Алтай Торпедо» өз нәтижелілігін шұғыл қолға алуы тиіс.

«Сарыарқа» - «Алтай Торпедо» 7:0 (3:0, 1:0, 3:0)

1:0 – 01:09 – Ширяев (Кунишников)

2:0 – 12:44 – Рахманов (Киселёв, Аноховский)

3:0 – 19:39 – Кунишников (Борисевич, Ширяев)

4:0 – 23:52 – Грымзин (Рахманов, Барбашев) ГБ

5:0 – 40:41 – Борисевич (Кунишников) ГБ

6:0 – 48:18 – Грымзин (Аноховский, Барбашев) ГБ

7:0 – 55:17 – Борисевич (Кунишников, Нургалиев) ГБ

Қақпашылар: Шутов – Ершов

Сериядағы есеп: «Сарыарқаның» пайдасына 2-0.

«Бейбарыс» серияның бірінші жекпе-жегінде «Ақтөбені» тырп еткізбеді. Қонақтардың қақпасына бес жауапсыз шайба аттанды. Атыраулықтардың қақпашысы Дмитрий Мальгин тамаша ойын көрсетті.

«Бейбарыс» - «Ақтөбе» 5:0 (1:0, 1:0, 3:0)

1:0 – 19:54 – Закарлюкин (Ипатов, Ананичев Ал.)

2:0 – 29:22 – Титов (Дыньков)

3:0 – 48:42 – Ананичев Ар. (Ананичев Ал., Гатин) ГБ

4:0 – 53:14 – Колесников (Дыньков, Клочков)

5:0 – 58:19 – Воробьев (Иванов)

Қақпашылар: Мальгин – Тихонов

Сериядағы есеп: «Бейбарыстың» пайдасына 1-0.