Петропавл мен Өскемендегі овертаймдар, Сарыарқа плей-оффты жойқын жеңіспен бастады

11 naýryz
2143

«Торпедо» мен «Номадтың» ойыны негізгі уақыттан асып кетті. «Сарыарқа» «Алтай Торпедоны» ойсырата жеңді. «Арлан» «Құлагердің» арынын басты.

«Торпедо» мен «Номадқа» ширек финалдың бірінші текетіресінде жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жетпей қалды. Нәтижесінде тартыс екінші овертаймға ойысып, Валерий Гурин дубль жасап, алаң иелеріне сериядағы алғашқы жеңісті сыйлады.

«Торпедо» - «Номад» 3:2 ОТ2(1:0, 1:2, 0:0, 1:0)

1:0 – 02:37 – Архипов (Петров)

1:1 – 24:39 – Михнин (Александров) ГБ

2:1 – 28:17 – Гурин (Шитиков, Игнашин) ГБ

2:2 – 38:06 – Гатиятов (Данияр)

3:2 – 80:36 – Гурин (Гренц, Громов)

Қақпашылар: Янков – Бояркин

Сериядағы есеп: «Торпедоның» пайдасына 1-0.

«Арлан» «Құлагермен бірінші ойында ұзақ уақыт бойы есеп бойынша алда келе жатты. Алайда үшінші кезеңнің соңында петропавлдықтар дегенмен ойынды овертаймға айналдырды. Анатолий Васильевтің ойыншылары әрі қарай жетістігін жалғастыра алмады. Екпінді шабуылдың арқасында Владимир Маркелов көкшетаулықтарды серия бойынша алға шығарды.

«Арлан» - «Құлагер» 2:1 ОТ1 (1:0, 0:0, 0:1, )

1:0 – 09:55 – Пархоменко

1:1 – 55:01 – Колесников (Первухин, Логинов)

2:1 – 65:37 – Маркелов (Пархоменко, Боровков)

Қақпашылар: Румянцев – Грязнов

Сериядағы есеп: «Арланның» пайдасына 1-0.

«Алтай Торпедо» плей-оффтың алғашқы матчында тұрақты чемпионат жеңімпазының тегеурініне төтеп бере алмады. Алаң иелері тоғыз жауапсыз шабуыл ұйымдастырып, серияда төрт жеңіспен алға шықты. Айтып өтетін жайт, жаңа командаларының құрамында алғашқы голдарын Сергей Барбашев пен Иван Ширяев салды.

«Сарыарқа» - «Алтай Торпедо» 9:0 (3:0, 4:0, 2:0)

1:0 – 01:30 – Аноховский (Нургалиев, Барбашев)

2:0 – 06:05 – Барбашев (Нургалиев, Воронков)

3:0 – 12:32 – Ширяев (Воронков, Кунишников) ГБ

4:0 – 23:10 – Федоров (Беляев)

5:0 – 32:34 – Полохов (Кожевников)

6:0 – 33:42 – Жарёнов (Хорошев, Кунишников)

7:0 – 37:10 – Сиксна (Аноховский) ГБ

8:0 – 53:26 – Борисевич (Сиксна) ГБ

9:0 – 56:27 – Рахманов (Барбашев, Сиксна) ГБ

Қақпашылар: Крамарь – Полошков

Сериядағы есеп: «Сарыарқаның» пайдасына 1-0.