ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы деп «Торпедоның» шабуылшысы Александр Мерескин танылды. Ол өткен турдың басты кездесуінде өз командасының жеңіске жетуіне елеулі үлес қосты. «Теміртаумен» өткен екі ойынның қорытындысы бойынша өскемендіктердің 25-ші нөмірлі ойыншысы 4 (2+2) балл жинады.
Бірінші кездесуде тәжірибелі шабуылшы өзінің нәтижелі соққысымен «Торпедоның» жеңісті жолына оралуына ықпал етті. Сәлден соң Мерескин овертаймда жеңісті шайбаның салынуына ықпал етіп, нәтижелі пас берді.
Екінші матчта Александр тағы да бір голдың авторы атанды. Ол түбегейлі есепті үшінші кезең аяқталуға таяғанда орнатты.