Қазақстан чемпионатының медальдары үшін таласатын қарсылас жұптарды талдауды аяқтаймыз.
«Торпедо» (4) – «Номад» (5)
Жеңістер/ұпайлар: 32/65 – 30/63
Салынған шайба: 169 – 188
Өткізілген шайба: 105 – 131
Жекпе-жек кездесулер: 5:3, 5:2, 1:6, 5:1
Үздік бомбардир: Дмитрий Гренц (62 балл, 26+36) – Диас Гусейнов (42 балл, 16+26)
Жекпе-жек кездесудің үздік бомбардирі: Дмитрий Шитиков (4 балл, 2+2) – Аркадий Шестаков (4 балл, 2+2)
«Номад» – нәтижелілік бойынша Pro Ligasy-ның екінші командасы. «Көшпенділер» орта есеппен әр ойында шамамен 4 шайба салады.
«Торпедоның» форварды Дмитрий Гренц тұрақты чемпионатты чемпионаттың үздік бомбардирлері тізімінде екінші болып аяқтады. Бір қызығы, Лиганың ең нәтижелі ойыншыларының топ-10-дығына бірден бес «торпедолық» кіреді.
«Торпедо» мен «Номадтың» бір ғана жекпе-жек текетіресі елордалық ұжымның пайдасына шешілді. Ал қалған үшеуінде өскемендіктер бес голдан салды.