Қазақстан чемпионатының медальдары үшін таласатын қарсылас жұптарды талдауды жалғастырамыз.
«Бейбарыс» (3) – «Ақтөбе» (6)
Серияның алғашқы матчтары Атырауда 12 және 13 наурызда өтеді.
Жеңістер/ұпайлар: 34/70 – 25/58
Салынған шайба: 185 – 153
Өткізілген шайба: 114 – 143
Жекпе-жек кездесулер: 3:2 Б, 1:5, 6:4, 1:4
Үздік бомбардир: Александр Ананичев (48 балл, 18+22) – Иван Зинченко (46 балл, 20+26)
Жекпе-жек кездесудің үздік бомбардирі: Александр Воробьёв (4 балл, 1+3) – Дмитрий Потайчук (5 балл, 4+1)
«Бейбарыс» пен «Актобе» тұрақты чемпионаттың маусымдық текетірестеріндегі жеңістерді бөлісті. Алайда «Ақтөбе» бұлкездесулерде бір балға артық жинады.
«Бейбарыс» – нәтижелілік бойынша Лигадағы үшінші команда.
Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша «Ақтөбенің» үздік бомбардирі Иван Зинченко болды. Жас шабуылшы 50 ұпайлық межеге сәл-пәл жетпеді, алайда ересектер хоккейіндегі өзінің нәтижелілік рекордын жаңартты.