Қазақстан чемпионаты медальдары үшін таласатын қарсылас жұптарды талдауды жалғастырамыз.
«Арлан» (2) – «Құлагер» (7)
Аталмыш серияның барлық матчтары Петропавлда өтеді.
Жеңістер/ұпайлар: 39/82 – 25/55
Салынған шайба: 177 – 135
Өткізілген шайба: 90 – 153
Жекпе-жек кездесулер: 4:1, 6:1, 3:2, 4:2
Үздік бомбардир: Данила Карабань (46 балл, 22+24) – Максим Первухин (29 балл, 8+21)
Жекпе-жек текетірестің үздік бомбардирі:Данила Карабань (6 баллов, 2+4) – Никита Белашов (2 балл, 2+0)
«Арлан» – қорғаныстағы ойын бойынша Лиганың екінші командасы. Тек көкшетаулықтар мен тұрақты чемпионат жеңімпазы «Сарыарқа» барлық қатысушылар арасында 100-ден аз шайба өткізді.
Плей-оффқа шыққан сегіз команда арасында нәтижелігі ең төмен команда – «Құлагер». Бұл ретте петропавлдықтар құрамынан тек 4 ойыншы ғана тұрақты чемпионатта 10 және одан көп шайба салды.
«Арлан» мен «Құлагер» 12 матчты негізгі уақыттан тыс аяқтады. Бұл – тұрақты чемпионат ойындарының жалпы санының төрттен бірі.