Қазақстан чемпионатының медальдары үшін таласатын қарсылас жұптарды талдауды бастаймыз.
«Сарыарқа» (тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 1-орын) – «Алтай Торпедо» (8)
Жеңістер/ұпайлар: 41/83 – 21/46
Салынған шайба: 210 – 151
Өткізілген шайба: 72 – 167
Жекпе-жектер: 10:2, 4:1, 6:2, 3:1
Үздік бомбардир: Никита Аноховский (66 балл, 30+36) – Андрей Лагунов (33 балл, 8+25)
Жекпе-жектің үздік бомбардирі: Никита Аноховский (7 балл, 3+4) – Константин Бондаренко* (2 балл, 1+1)
* «Алтай Торпедоның» «Сарыарқамен» матчтарында үздік бомбардир 3 шайба салған Валерий Гурин болды. Алайда плей-офф басталардың алдында ол «Торпедоға» өтті.
«Сарыарқа» – нәтижелілік тұрғысынан да, қорғаныстағы ойыны бойынша да тұрақты чемпионаттың еш шүбәсіз үздік командасы. Бұл ретте Лиганың барлық командаларынан 200 шайбаны жалғыз қарағандылықтар ғана салды.
«Сарыарқаның» форварды Никита Аноховский тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша Лиганың ең нәтижелі ойыншысы атанды. Салыстырар болсақ, «Алтай Торпедоның» үздік бомбардирі Андрей Лагунов екі есе аз нәтижелі ұпай жинады.
«Сарыарқамен» биылғы маусымдағы жекпе-жектердің бірде-бірінде «Алтай Торпедо» екі шайбадан артық сала алмады.