Арланның құрғақ жеңісі, нәтижелі Бейбарыс, Ақтөбе Теміртауды плей-оффқа өткізбеді

7 naýryz
2482

«Номад» «Арланның» қақпасын ала алмады. «Бейбарыс» плей-оффтың алдында «Снежные Барсы» командасымен ойнап, ширықты. «Құлагер» «Горняктан» қарымта қайтарды. «Теміртау» негізгі уақытта «Ақтөбеге» есе жіберіп, плей-оффқа шыға алмай қалды.

«Номад» бүгін «Арланға» қарсы бірде-бір шайба өткізе алмады. Көкшетаулықтар қорғаныста мығым ойнап, оның үстіне қақпашы Илья Румянцев қақпаға бағытталған 29 соққының барлығына тойтарыс берді. Қонақтар плей-оффтың алдында жақсы ойын көрсетті. Ал «көшпенділер» тұрақты чемпионаттың ақтық мәресіне жетерде қатарынан үш матчта жеңіліске ұшырады.

«Номад» - «Арлан» 0:4 (0:1, 0:1, 0:2)

0:1 – 11:14 – Евграфов (Лукин, Бердников)

0:2 – 25:49 – Жиляков (Пластинин, Старцев)

0:3 – 48:39 – Егоров

0:4 – 49:59 – Жиляков (Старцев, Пластинин)

Қақпашылар: Калмыков – Румянцев

Бүгін атыраулықтар бірінші кезеңде-ақ ойынға мықтап кірісіп, «Бейбарыс» қарсыласқа төрт гол салды. Осымен ойын тағдыры шешілді. Әйтсе де финалдық ысқырыққа екі секунд қалғанда «Снежные Барсы» құрғақ жеңілістен құтылды.

«Снежные Барсы» - «Бейбарыс» 1:7 (0:4, 0:3, 1:0)

0:1 – 00:50 – Болякин (Клочков, Дыньков)

0:2 – 06:56 – Ананичев Ал. (Баженов, Ананичев Ар.)

0:3 – 11:33 – Закарлюкин (Кожевников, Гарифулин)

0:4 – 15:33 – Титов (Колесников, Клочков)

0:5 – 30:20 – Баженов (Ананичев Ар.)

0:6 – 32:58 – Кузнецов (Бурделёв, Иванов) ГБ

0:7 – 33:58 – Колесников (Дыньков, Клочков)

1:7 – 59:58 – Нурлан (Касенов, Никитин)

Қақпашылар: Павленко (Шефер, 11:33-33:58) – Базарбеков

«Құлагер» «Горнякпен» матчта екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, қарымта қайтарды. Петропавлдықтар төрт голдың үшеуін артық құраммен салды. Жеңіс шайбасының авторы – Вячеслав Колесников.

«Құлагер» - «Ақтөбе» 4:3 (0:1, 3:0, 1:2)

0:1 – 12:42 – Уколов (Козорез, Катков)

1:1 – 23:59 – Первухин (Колесников, Моренец)

2:1 – 24:39 – Ахметов (Поляничев, Попов) ГБ

3:1 – 32:06 – Казаченко (Попов, Моренец) ГБ

3:2 – 44:15 – Козорез (Ханьжин, Галимов) ГБ

4:2 – 48:20 – Колесников (Первухин, Кудин)

4:3 – 56:48 – Рябоконов (Кротов, Щанкин)

Қақпашылар: Нечвиенко – Белоконский

«Теміртаудың» плей-оффқа шығуына бір-ақ шайба жетпеді. Алаң иелері негізгі уақытта жеңіліске ұшырап, маусымды мерзімінен бұрын аяқтады. «Ақтөбеге» жеңісті Иван Зинченко жасаған хет-трик сыйлады.

«Теміртау» - «Ақтөбе» 3:4 (1:1, 0:0, 2:3)

0:1 – 03:32 – Зинченко (Скатов, Гасников)

1:1 – 11:26 – Преснов (Шульга, Дёмин) ГБ

1:2 – 40:09 – Зинченко (Скатов, Гасников)

1:3 – 43:31 – Ермолаев (Киселёв, Кутугин)

1:4 – 51:17 – Зинченко (Скатов)

2:4 – 58:32 – Попов (Дёмин, Чеботаев) ГБ

3:4 – 59:54 – Потапов (Попов, Волков)

Қақпашылар: Коваль (Куликов, 53:02-60:00) – Тихонов