Сарыарқа Құрлықтық кубокте екінші орын иеленді

7 naýryz
1916

Қарағандылықтар турнир иелерін еш қаймықпастан жеңіп, қорытынды екінші орынды иеленді.

Екінші үзіліске қарай Петерис Скудраның ойыншылары үш шайба айырмашылығымен алда келе жатты. Салынған гол авторлары: Сергей Барбашев, Степан Грымзин және Андрей Яковлев. Қорытынды кезеңнің басында «Пираттар» ойынға оралуға тырысып-бақты, алайда құрғақ жеңілістен құтылып қана үлгерді. Соңғы минутта Никита Аноховский бос қақпаға шайба дарытып, түбегейлі есепті орнатты.

Осылайша, «Сарыарқа» ҚК финалдық турнирінде екінші орын алды. Қарағандылық ұжымның өкілі Сергей Барбашев үздік шабуылшы атанды.

Кубоктің жеңімпазы Данияда өзінің қос матчын да жеңген польшалық «Краковия» болды.

«Ольборг Пиратс» – «Сарыарқа» 1:4 (0:1, 0:2, 1:1)

0:1 – 03:30 – Барбашев (Рахманов)

0:2 – 30:03 – Грымзин

0:3 – 34:53 – Яковлев (Грымзин)

1:3 – 44:39 – Эдмондсон (Скиннарс, Ромиг)

1:4 – 59:43 – Аноховский (Рахманов) ПВ

Қақпашылар: Соренсен – Селивёрстов

Фото - ИИХФ