Арлан Құлагермен ойнайды, Бейбарыс пен Ақтөбе батыстық матчта кездеседі, Торпедо Номадпен ойнайды

6 naýryz
1813

Бүгінгі ойын күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионаты ширек финалистерінің үш жұбы анықталды.

ProLigasy-ның көптеген командалары тұрақты чемпионат бағдарламасын аяқтады. Турнир кестесінің жоғары жағындағы ұжымдар түгелдей дерлік өз орындарын иеленіп үлгерді.

Сонымен ширек финалистік жұптарды келесі командалар құрайды:

«Арлан» (тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 2-орын) – «Құлагер» (7);

«Бейбарыс» (3) – «Ақтөбе» (6);

«Торпедо» (4) – «Номад» (5).

Алдын ала кезеңнің жеңімпазы «Сарыарқаның» қарсыласы ертең белгілі болады. Әзірге сегізінші қатарды 48 матчтың барлығын ойнаған «Алтай Торпедо» иеленіп тұр.

Өскемендіктерді кубоктік сегіздіктен 7 наурыз күні өз алаңында «Ақтөбемен» ойнайтын «Теміртау» ғана ығыстыра алады. Плей-оффқа шығу үшін Виктор Буяльскийдің ойыншыларына бір ғана балл жинау жеткілікті.

¼ финалдың алғашқы кездесулері 11 наурыз күні өтеді. Плей-оффтың барлық сериялары ұжымдардың бірінің төрт жеңісіне дейін жалғасады.