«Снежные Барсы» командасының үшінші жеңісі, «Сарыарқа» «Алтай Торпедоны» ойсырата жеңді. 10 қарашадағы матчтарға шолу

10 qarasha
1320

«Номад» «Алматымен» екінші кездесуде қарымта қайтарды. «Құлагер» «Снежные Барсы» командасына есе жіберді. «Сарыарқа» «Алтай Торпедоны» ойсырата жеңді. «Ақтөбе» буллиттер сериясында «Бейбарысты» жеңіп кетті.

«Алматымен» ойындағы кешегі жеңілістен кейін «көшпенділер» қателерінен сабақ алып, нәтижесінде оңтүстік астаналық команданың қақпасына бүгін бес шайба түсті. Саян Данияр мен Андрей Рунов екі реттен көзге түсті.

"Номад" – "Алматы" 5:1 (2:0, 2:0, 1:1)

1:0 – 06:30 – Рунов (Зубов, Ибрайбеков)

2:0 – 10:26 – Данияр Сн. (Данияр См, Клепко)

3:0 – 32:10 – Рунов (Клепко, Зубов)

4:0 – 38:28 – Гренц (Панюков)

4:1 – 45:36 – Бельгибаев (Буяльский)

5:1 – 58:20 – Данияр Сн. (Панюков, Комаровский)

Қақпашылар: Крамарь – Полуэктов

«Снежные Барсы» «Құлагермен» қақтығыста жеңіске жетті. Бұл елордалық ұжымның чемпионаттағы үшінші жеңісі. Петропавлдықтар соңғы жеті кездесуде бес рет жеңіліс тауып, турнир кестесінде жетінші қатарға жайғасты.

"Құлагер" – "Снежные Барсы" 1:3 (1:0, 0:1, 0:2)

1:0 – 11:00 – Шерстюков (Хамматов, Нуриев)

1:1 – 29:57 – Верещагин (Макеев, Бойко)

1:2 – 43:49 – Бойко (Макеев, Фокин)

1:3 – 56:40 – Бутенко (Верещагин, Макеев)

Қақпашылар: Хозяшев – Павленко

«Сарыарқа» «Алтай Торпедомен» бүгінгі матчқа үлкен екпінмен келді. Қарағандылықтар кездесу барысын ұдайы бақылауда ұстап, ара-арасында гол ұйымдастырып отырды. Вадим Зеленков дубль жасады. Қақпашы Никита Бояркин 18 соққының барлығына тойтарыс беріп, қақпасына бір де бір шайба өткізбеді.

"Сарыарқа" – "Алтай Торпедо" 6:0 (1:0, 2:0, 3:0)

1:0 – 11:43 – Никулин (Михайлов)

2:0 – 29:50 – Рахманов ШБ

3:0 – 35:39 – Кожевников (Зеленков, Михайлов) ГБ

4:0 – 38:01 – Зеленков (Никулин, Марков)

5:0 – 59:17 – Зеленков (Воронков) ГБ

6:0 – 59:59 – Чапоров (Кулиев)

Қақпашылар: Бояркин – Нурек

"Бейбарыс" пен "Ақтөбе" жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтай алды. Матч барысында екі шайба артта қалған атыраулықтар есепті теңестіріп үлгерді. Алайда қонақтар дегенмен жеңісті жұлып әкетті. Шешуші соққыны Владимир Маркелов жасады.

"Бейбарыс" – "Актобе" 3:4 Б (1:1, 0:2, 2:0, 0:0, 0:1)

1:0 – 03:06 – Курепанов (Старцев, Воробьев)

1:1 – 15:09 – Маркелов (Жилин, Кевлин)

1:2 – 33:39 – Кевлин (Жилин, Маркелов)

1:3 – 37:04 – Филонов (Митряков, Зинченко)

2:3 – 49:25 – Степаненко (Сулейманов) ГБ

3:3 – 58:06 – Ананичев Ал. (Григоркевич, Бакика) ГБ

3:4 – 65:00 – Маркелов ПБ

Қақпашылар: Белоконский – Мальгин