Теміртау плей-оффқа қарай қадам басты

6 naýryz
1457

«Номад» өз алаңында «Арланға» есе жіберді. «Бейбарыс» «Снежные Барсы» командасын тек буллиттер сериясында жеңе алды. «Торпедо» тағы да «Алтай Торпедодан» басым түсті. «Теміртау» «Ақтөбені» жеңіп, плей-оффқа қарай қадам басты.

«Номад» пен «Арланның» кездесуі көкшетаулық хоккейшілердің бақылауында өтіп, олар ойын бойы белсенділік танытып, қақпаны дәлірек көздеді. Нәтижесінде «Арлан» сенімді түрде жеңіске жетті. Данила Карабань, Владимир Маркелов пен Константин Пархоменко нәтижелілігі үшін екі балдан алды.

«Номад» - «Арлан» 1:4 (1:1, 0:2, 0:1)

1:0 – 04:52 – Бекетаев (Гусейнов, Волосенков) ГБ

1:1 – 12:47 – Старцев (Граборенко, Карабань) ГБ

1:2 – 33:37 – Маркелов (Пархоменко)

1:3 – 34:53 – Карабань (Половников)

1:4 – 56:04 – Пархоменко (Маркелов, Егоров)

Қақпашылар: Амирбеков – Румянцев

«Снежные Барсы» чемпионаттың соңына қарай жақсы ұпай жинай бастады. Оның үстіне кезекті рет Александр Истоминнің командасы Лига көшбасшыларының бірімен болған текетіресте балл жинады. «Бейбарыс» бүгін тек буллиттер сериясында ғана жеңіске жетті. Шешуші соққы Никита Баженовке тиесілі.

«Снежные Барсы» - «Бейбарыс» 2:3 Б (1:0, 1:1, 0:1, 0:0, 0:1)

1:0 – 18:33 – Омирбеков (Шетле, Цыбин) ГБ

2:0 – 24:00 – Омирбеков (Цыбин) ГМ

2:1 – 39:58 – Колесников (Дыньков, Клочков)

2:2 – 59:10 – Воробьёв (Ананичев Ал., Гатин)

2:3 – 65:00 – Баженов ПБ

Қақпашылар: Павленко – Мальгин

Өскемендік ұяластардың екінші текетіресінде «Торпедо» жеңіске жетті.Тұрақты чемпионат соңында сүрінген «Алтай Торпедо» плей-офф кезеңіне өтпей қалуы мүмкін.

«Торпедо» - «Алтай Торпедо» 8:4 (1:1, 5:2, 2:1)

0:1 – 12:51 – Назаренко

1:1 – 18:59 – Таталин (Гренц, Кучин) ГБ

2:1 – 21:39 – Белохонов (Гурин, Игнашин)

2:2 – 24:19 – Джангазинов (Скоробогатов) ГБ

3:2 – 26:47 – Гурин (Игнашин, Таталин)

3:3 – 31:28 – Назаренко (Перов) ГМ

4:3 – 34:50 – Шапорев (Таталин, Гренц) ГБ

5:3 – 36:59 – Воропаев (Кучин, Александров)

6:3 – 38:36 – Шапорев (Гренц, Шин)

7:3 – 44:04 – Дзедаев (Кучин)

7:4 – 47:45 – Рифель (Буденчук, Рыжих)

8:4 – 53:55 – Дзедаев ГМ

Қақпашылар: Рейзвих (Осокин, 44:04-60:00) – Ершов

«Ақтөбені» сенімді түрде жеңген «Теміртаудың» плей-оффқа шығуға бар мүмкіндігі бар. Тұрақты чемпионатты сегіздікте аяқтау үшін Виктор Буяльскийдің командасына «Ақтөбемен» екінші текетіресте кемінде бір балл жинау керек. Бүгінгі жекпе-жектің басты қаһарманы – нәтижелілігі үшін 4 (2+2) балл жинаған алаң иелерінің форварды Руслан Дёмин.

«Теміртау» - «Ақтөбе» 6:2 (2:0, 3:1, 1:1)

1:0 – 09:56 – Волков (Дёмин, Преснов)

2:0 – 18:02 – Дёмин (Росляков, Волков)

3:0 – 25:10 – Белоцкий (Шульга) ГБ

4:0 – 26:26 – Дёмин (Преснов, Росляков) ГБ

5:0 – 34:50 – Волков (Шульга, Дёмин)

5:1 – 36:33 – Митряков (Потайчук, Зинченко)

5:2 – 47:20 – Киселёв (Воронин, Потайчук)

6:2 – 51:47 – Лызин

Қақпашылар: Коваль – Лигай (Шаров, 07:23-09:30, 19:39-22:23, 23:33-26:26, 40:43-44:03, 51:14-60:00)

«Құлагер» өз алаңында «Горнякқа» есе жіберді. Жеңіс шайбасы Владимир Кротовтың есебінде. Рудныйлықтардың қақпашысы Никита Акулинин қақпаға бағытталған 41 соққыға тойтарыс берді.

«Құлагер» - «Горняк» 1:3 (0:1, 1:2, 0:0)

0:1 – 10:29 – Кунишников (Ханьжин, Нурек) ГБ

1:1 – 25:00 – Попов (Ахметов, Поляничев)

1:2 – 35:53 – Кротов (Юлбарисов)

1:3 – 38:17 – Юлбарисов (Ханьжин, Кротов) ГБ

Қақпашылар: Кадочников – Акулинин