Сарыарқа Құрлықтық кубок финалының бірінші матчында жеңілді

5 naýryz
1660

«Краковия» мен «Сарыарқа» арасындағы кездесу польшалық ұжымның пайдасына шешілді.

Қарағандылықтар кездесудің төртінші минутында Михаил Рахмановтың дөп соққысының арқасында есеп ашты. Алайда әрі қарай тек ойынның шартты иелері гол салды. «Сарыарқа» қақпасына шайбалардың бірін Қазақстан чемпионаты командаларының экс-ойыншысы Евгений Попитич салды. «Сарыарқаның» қақпашысы Андрей Шутов қақпаға бағытталған 34 соққыға тойтарыс берді.

ҚК аясындағы соңғы матчты Петерис Скудраның ойыншылары наурыздың 6-сынан 7-сіне қараған түні ойнайды. Қарағандылық команданың қарсыласы – турнир иелері «Ольборг Пиратс» командасы.

«Краковия» – «Сарыарқа» 2:1 (0:1, 2:0, 0:0)

0:1 – 03:47 – Рахманов (Аноховский, Барбашев)

1:1 – 27:10 – Попитич (Соловьев) ГМ

2:1 – 34:45 – Гула (Мищенко)

Қақпашылар: Перевозчиков – Шутов